2016-07-22
Әзірбайжан Республикасының оккупацияланған территорияларына сапарлардың заңсыздығы мен жағымсыз салдары туралы ақпарат

Құрметті достар,

        

         Армения тарапы оккупацияланған Әзірбайжан Республикасының территорияларында  заңсыз  іс – әрекеттерін насихаттап қолдауын жалғастырып келетінін хабарлаймыз.

         Жоғарыда көрсетілген мақсатта Армяндық тарапы оккупацияланған Әзірбайжан территорияларында түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға тырысып, басқа елдің азаматтарын, соның ішінде студенттерді, ғылыми қызметкерлерді, жас оқытушыларды, ғылыми-зерттеу институттар өкілдерін қатысуға шақырады.

         Осы сынды шараларда жастар көпшілік жағдайда саяси хабарсыздықтан, сонымен қатар Әзірбайжан Республикасының оккупацияланған территориялары маңындағы жағдайлар туралы мағлұматсыздықтан осындай ашкөз мақсаттарға жетудің құралына айналатынын атап өту керек.

Аталған шаралар қатысушылары Әзірбайжанның оккупацияланған территорияларына алданып түсіп білместіктен Арменияның жаулап алу саясатының сыбайластарына айналады.

Осындай шараларда жастардың қатысуы болашақта елдің территориалдық тұтастығына қауіп-қатер төндіретін сепаратизмді селқос қабылдауына әсер етеді.

Жоғарыда аталғанды есепке ала отырып, Елшілік  Нагор-Карабах аймағын және басқа Әзірбайжан Республикасының оккупацияланған территорияларына баруды қалайтын шетел азаматтарына жалғасып отырған армян қарулы күштерінің оккупациясы әсерінен аталған аймақтар Әзірбайжан Республикасының бақылауынан уақытша тыс жатқандығын тағы да хабардар етеді.  

Әзірбайжан Республикасының Үкіметінің алдын ала келісімінсіз кез келген тұлғаның ресми, іскерлік, гуманитарлық және туристтік сипаттағы кез-келген сапары заңсыз және Әзірбайжан Республикасының халықаралық мойындалған дербес құқықтық мемлекеттік шекарасын, сонымен қатар, Әзірбайжан Республикасының тәуелсіздігі мен шекаралық тұтастығы жөніндегі заңды, сонымен қоса халықаралық нормалар мен принциптерді бұзушылық ретінде есептеледі.

Әзірбайжан Республикасының егемендігін және шекаралық тұтастығын бұзган тұлғалар Әзірбайжан Республикасының оккупацияланған территориясына барған шетелдік азаматтар тізімге еніп, олардың Әзірбайжан Республикасына кіруіне тыйым салынады.

Сонымен қатар, армян-әзірбайжан қарулы күштерінің арасында оқ атудың ресми тоқтағанына қарамастан, оккупацияланған Нагор-Карабах аймағы және басқа Әзірбайжан территорияларының оккупацияланған территориялары террористтер мен олардың ұйымдасқан қылмыстық істері және тығыз миналанған алаңдармен әскери әрекеттер аймағы болып табылады.       Осылайша,Әзірбайжан Республикасының оккупацияланған территорияларына сапар шеккен немесе ол жерде қандайда бір заңсыз әрекеттерге қатысы бар тұлғалар қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Осы орайда, Әзірбайжан Республикасының Елшілігі  Қазақстан Республикасының  барлық азаматтарын Нагор-Карабах аймағы және басқа Әзірбайжан Республикасының оккупацияланған территорияларына бармауға шақырады.

 

.